Жарнама
Жаңалықтар

«Телефон терроризмінің» жауапкершілігі қандай?

Соңғы кезде «ғимаратқа жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпарат тарату жиілеп кетті. Соңғы бір аптаның өзінде 2 дерек тіркелген. APEC колледжі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғимаратында «жарылғыш зат бар» деген анонимді хабар түскен бойда оқиға болған жерге тәртіп сақшылары, кинология қызметі, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер дереу келіп жетті. Полиция департаментінің мәліметінше, оқу орындарында студенттер мен оқытушылар қауіпсіз жерге шығарылған. Абырой болғанда, екі ақпарат та расталмады.

Мамандар құқық қорғау органдары өкілдерінің жарылғыш қойылғандығы туралы ақпарат ке­ліп түскен кезде оның қа­те­рін бағалай отырып әрекет ететінін айтады. Сондай-ақ, сол аймақтан адамдар эвакуацияланады. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмағанымен ол туралы хабарлаған, ойнап отырып от басқандар көп ұзамай анықталады. Бұл қылмысы үшін «телефон террорисі» бес мың айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе түзету жұмысына тарту, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімде бас бос­тан­дығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделген. Ескеретіні, қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Соттың шешіміне сәйкес, осындай хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі. Мұндай іс-әрекетті кәмелетке толмағандар жасаған жағ­дай­да шығындарды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкіл­деріне жүктеледі.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button