Жарнама
Жаңалықтар

Тексеріс нәтижесі нені көрсетті?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен кезекті брифинг Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының  жүргізген мемлекеттік аудиттік іс-шараларының қорытындыларына арналды. Бұл туралы комиссия төрағасының уақытша міндетін атқарушы Нұрбол Қонысов баяндады.

Оның айтуынша, бекітілген тізбеге сәйкес тексерілген 58 мемлекеттік аудит объектісінде 15 аудиторлық іс-шара өткізілген. Барлығы мемлекеттік аудитпен  57,102 млрд. теңге бюджет қаражаты қамтылған.

– Осы саладағы заңнама  нормаларының сақталмауы салдарынан анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 27,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 4,4 млрд. теңгеге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 4,2 млрд. теңгеге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 18,5 млрд. теңгеге тұрақтады. Сонымен қатар, бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті жасақтаудағы кемшіліктердің сомасы 53,8 млрд. теңгеге бағаланды. Аталғандардан бөлек 566 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылық дерегі тіркелді. Мемлекеттік аудит нәтижесімен жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу, бюджетке өтеу, сонымен қатар, бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті сәйкес келтіру жолымен 57,4 млрд. теңге қазына қаражаты қалпына келтірілді, – деді Нұрбол Айтбайұлы.

Спикердің түсіндіруінше, талдау нәтижелері көрсеткеніндей, анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі бюджет кодексі мен бухгалтерік есептілікті жүргізу нормалары сақталмауы салдарынан орын алған. Бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне 47 ұсыныс пен 274 тапсырма берілген. Соның ішінен 30 ұсыныс пен 516 тапсырма орындалған. Қалғанының орындалысы бақылауға алынған. Сонымен қатар, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерімен 39 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button