ТЕҢГЕ БАҒАМЫ НЕГЕ ӨЗГЕРДІ?
Бұған қоса ғаламдық экономикамен тығыз байланыстылығымызды ескерген жөн, Ұлттық Банк әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі жағдайды қаперден шығара алмайды, — деген Қозыбақ Әбуұлы негізгі факторларға тоқталды:
Біріншіден, АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы өзгерістер артты.
Екіншіден, Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. Ресей Федерациясы Орталық банкінің рубльді еркін айналымға жіберуінен соң былтыр ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1 пайызға әлсіреді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей рублінің төмендеуі жалғасты.
Үшіншіден, ҚР банктерінің төлем қабілетінің жағдайымен байланысты. Ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен тұтыну қабілеті де өсіп отыр.
Төртіншіден, алыпсатарлық операциялардың көбеюі салдарынан Қазақстан Республикасы экономикасында теңге бағамының өзгеруі артты. Алыпсатарлық дүрлікпе мен айырбас курсының өзгерістерінің алдын алу үшін Ұлттық банкке валюталық рынокке жиі енуге тура келеді.
Бесіншіден, құнсыздануды 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық Банк инфляциялық шектеуге көшуді жоспарлап отыр, ол дегеніміз – айырбас курсының қатаң қадағалауынан бас тарту. Сараптамалық жұмыстардан доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185 теңге болып қалуы тиіс.
Жалпы, мұндай өзгерістер ҚР тауар өндірушілерінің — сарапшылардың, сондай-ақ, импорт алмастырушы өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін жасалып отыр. Бұл отандық өнім өндірушілерге Кедендік одақ аясында олардың ұстанымын жақсартуға мүмкіндік береді, — деді Ұлттық банк филиалының басшысы.
Елдегі мұндай өзгерісті күтпеген қарапайым жұрт алдымен банктегі несиесі мен депозитіндегі аз-мұз жинағының жағдайын ойлады. Тіпті, кейбір оқырмандарымыз редакциямызға қоңырау шалып, бағаның тұрақтылығы турасында сауалдарын қойып үлгерді. Бұл ретте Қозыбақ Әбуұлы айырбастау пункттеріндегі АҚШ долларын сатып алу, сату бағамының ауытқу шектері қатаң қадағаланатынын жеткізді. Ұлттық банк бекіткен қаулыға сәйкес сатып алу және сату айырмашылығы екі теңгеден аспауы тиіс. «Біз валюта айырбастау бөлімшелеріндегі жағдайды тексеріп жатырмыз. Егер қандайма бір ауытқушылық байқалса, шұғыл шара қолданатынымызды тағы бір мәрте ескертеміз», — деді Қ. Құлбарақов.
Маманның пікірінше, несиені АҚШ долларымен алғандар ұтылғанмен, қарызын теңгемен өтейтіндер үшін әнебір өзгеріс байқалмайды. Осындай сәттерде бармақ тістеп қалмас үшін Қозыбақ Әбуұлы қаржылық сауаттылықтың қажеттігін айтады. Яғни, несие алар сәтте әрбір жан келісім-шартпен толықтай танысып, мән-жайды нақтылауы шарт. Тауарлар қанша қымбат болса да, теңгемен төленгені абзал.
Еліміздің бас банкирі төл теңгеміздің тепе-теңдік бағасы Қазақстанның экономикасына пайдалы екеніне сендіріп отыр. Сондай-ақ, ол барлық банктердің айырбастау пункттері шетел валютасымен қамтамасыз етілетінін мәлім еткен болатын.
Айбөпе САБЫРОВА.