Жарнама
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» сервисі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

«Таза Қазақстан» сервисінің көмегімен eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары проблемаларды фотосуретке түсіріп, әрі қарай шешу үшін жауапты құрылымдарға ақпарат бере алады. Пайдаланушыларға жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, сондай-ақ қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша өтінімдер қолжетімді, — деп хабарлайды республика Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Функция әрбір қазақстандыққа смартфонның көмегімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Өтінім берілгеннен кейін барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Орындаушы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша фотосуретпен және түсініктемемен кері байланыс береді.

Өтінім орындалғаннан кейін пайдаланушы орындалған жұмыстың сапасын бағалай алады және бұрын берілген барлық өтінімдерді көре алады.

Сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар https://tazaqazaqstan.kz/ сайты және @TazaQazBot телеграм-боты арқылы 1500-ден астам өтінім берді. Сервисті eGov Mobile қосымшасымен біріктіру өтінім беру процесін одан да жеңіл әрі қолжетімді етеді.

eGov Mobile қосымшасының жаңа функционалы Экология министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button