Жарнама
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Атырауда тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Кеше, 23 маусымда Атырау қаласында таңғы бригада жағалаудағы көгалдар мен саябақтарда шөп шабу және газондарды күтіп-баптау жұмыстарын жалғастырды. Осы күні учаске шеберлері мен жұмысшылар газонды қырқып, тырмалап, тыңайтқыштар сеуіп, триммермен өңдеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар шабылған шөп уақтылы шығарылды.

Күндізгі ауысымда бригада құрамында 8 адам мен арнайы техника қызмет етті. Ал кешкі уақытта «Отбасы» саябағында қолмен суару жұмыстарына 3 адам мен учаске шебері қатысты. Түнгі мезгілде газондарды суару үшін 8 су таситын машина жұмылдырылды.

Қаланың көрікті әрі таза келбетін сақтау мақсатында қолға алынған бұл жұмыстар алдағы күндері де жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button