Жарнама
Экология

Тазалық — баршаға ортақ міндет

Атырау облысында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясында “Таза аймақ” экологиялық акциясы өтті.

Бұл бастама 5 маусым – қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Ауқымды сенбілікке аймақтың атқарушы органдары, кәсіпорындар мен еріктілер белсенді қатысып, облыс көлемінде қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

9e2906cb 40f1 4e09 923e 7fd53f9a31fa

Экологиялық шараның басты мақсаты – табиғатты аялауға шақыру, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті нығайту. Атырау қаласындағы сенбілік “Самал” шағынауданында өтті. Қатысушылар бұл аумақты қоқыстан тазартып, көпшіліктің экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға үлес қосты.

cf7a52b2 3b38 44d5 8ce0 e54c7742fcc6

Облыс бойынша өткізілген тазалық шарасына 4000-нан астам адам жұмылдырылды. Олардың қатарында “АМӨЗ”, “COCR”, “KPI”, “KUS” ЖШС, “Ембімұнайгаз”, “ҚазТрансОйл” АҚ секілді ірі мекемелердің қызметкерлері де бар.

d6aee740 a71c 47ba 8bc5 31240a168fa7

— Сенбілік барысында жалпы ұзындығы 20 шақырым аумақ тазартылып, 52 тоннадан астам қоқыс жиналды. Оның ішінде 20 тонна шыны, 12 тонна пластик, 8 тонна резеңке, 5 тонна қағаз және 5 тонна металл қалдығы болды. Барлық жиналған қалдық арнайы қоқыс полигонына жеткізілді,- деді Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

Аймақта ұйымдастырылған бұл акция – экологияны сақтау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Табиғаттың тазалығы мен болашағы тек мамандардың емес, барша жұрттың ортақ жауапкершілігіне айналғанда ғана экологиялық жағдайдың оңалуына жол ашылады.


Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button