
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды!
Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурсының басталды, — деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.
Биыл облыстық деңгейде 1 млн. теңгеден 18 грант берілетін болады. Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Атырау облысының тұрғыны үміткер бола алады.
Грант келесідей 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды)іске асыруға арналған.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 6 шілде аралығында (бұл ретте, а.ж. 6 шілде, сағ: 24:00-ге дейін) төмендегі сілтеме арқылы қабылданады:
Ескерту: Байқауға 2022, 2023, 2024 жылғы Атырау облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздары биылғы байқауға қатыса алмайды!
Анықтама телефоны: 8702 188-28-17 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).