Жаңалықтар
Тасқынға тосқын: Атырауға 500 мың қап жеткізіледі
Атырауға су тасқынына қарсы күреске 500 мың қап жеткізіледі. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады.
–Алматы қаласында полипропиленнен 500 мың дана қапшық сатып алынды. Жүк тиелген жүк көлігі бірнеше күн ішінде Атырау облысына келеді. Қаптар өңірдегі жағалауды нығайту жұмыстарына арналған. Олар су тасқыны қауіпі күшейіп отырған облыстың барлық ауылдық округтері мен аудандарына таратылады, — дейді жедел штаб өкілдері.