Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Таңдай қақтырған технология…

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Қазір таңдай қақтырған технологияның арқасында адам ағзасын былай қойғанда, оның ұрығын да қолдан өсіруге мүмкіндік туды. Әйтсе де, биотехнология саласының біздегі беталысы бәсеңдеу. Бұл мәселе журналист Амандық Абдолдың «Болашақ – биотехнологияда» атты мақаласына арқау болған-ды.

Газеттің «Жандауа» қосымшасында жарық көрген мақала көптеген оқырмандарға үлкен ой салды деп ойлаймын. Өйткені, расымен де, біз робототехниканы дамытуға зор мән береміз де, заманауи медицинаға немқұрайлы қараймыз. Ал, әлем ғалымдарының денсаулық сақтау жолында жеткен жетістіктері қаншама?!

Автордың тақырыпты жан-жақты талдап, саралағаны байқалады. Дүние жүзі бойынша тіркелген тың деректер мен инновациялық жаңалықтар жергілікті мамандардың да қызығушылығын тудырады деген ойдамын. Әсіресе, арнайы принтер арқылы тері жасушаларын басып шығаруға болатыны шынымен де жан сүйсінтер жаңалық емес пе? Алдағы уақытта осындай бағыттағы қызықты тақырыптар көбірек қамтылса деген тілегім бар.

Арман ЖӘДІГЕРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button