ЖаңалықтарЭкономика
Тамшылатып суарумен баптап-күтілетін егістік аумағы ұлғайды
Ауыл шаруашылығында тиімділігін көрсеткен тамшылатып суару технологиясы қолданысқа енгізілгелі бері егіннен алынатын өнім көлемі мен сапасы артты.
Аймақта жылдан жылға осы тәсілмен баптап-күтілетін егістіктің аумағы ұлғайды. Бүгінде оның көлемі 2 540 гектарға жеткен. Осынша алқаптың тең жартысынан астамы (1320 гектары) Махамбет ауданының үлесінде болса, Атырау қаласында – 570, Индер ауданында – 390, Құрманғазыда – 240, Жылыойда 20 гектар егіндік тамшылатып суару тәсіліне көшірілген. Ал, малазықтық дақылдар егілген 500 гектар алқап соңғы үлгідегі жаңбырлатқыш технологияның көмегімен суарылады. Бұл екпелі шөп өсірілген танапты тегістей ылғалмен қамтуға, шығымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.