
Тәлімгерлік жүйе жас мамандарға жол сілтейді
Өңірде мектептер жыл сайын жас мамандармен толығып жатыр. Бұл – әрине, қуантарлық жағдай. Жас мұғалімдерге жаңа ортаға бейімделуге қолайлы жағдай жасап, педагогикалық-шығармашылық дағдысын шыңдауға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Тиімді Scaffolding: тәлімгер тәжірбиесінде» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жалпы білім беретін №46 орта мектебінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының» бастамасымен өткен семинарға «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» білім беру бағдарламасы бойынша 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өткен 25 мұғалім қатысты. Мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, курстан өткен педагог Айгүл Сисенғалиева тәлімгерлік бойынша командалық жоба құрды. Жобада мектептегі 18 тәлімгер және 18 жас маман шығармашылық жұмыс атқарады. Қыркүйек пен ақпан аралығындағы командалық жоба жұмысының нәтижесі семинар барысында көрсетілді.
Сондай-ақ психологиялық тренинг, коучинг, панорамалық сабақ, дуэт сабақ және жас маманнан ашық сабақ ұйымдастырылды. Зор әсерге бөленген тәлімгерлер мен жас мамандар өзара тәжірбие алмасып, әріптестік байланыстарын нығайтты.
Еркеназ ҚАЛИЖАН