Жарнама
Жаңалықтар

Талдыкөлде 1,8 шақырым бөгет қайта нығайтылды

Махамбет ауданы Талдыкөл ауылындағы тасқын судан қорғайтын бөгеттің жалпы ұзындығы 2,9 шақырым. «Калинтул» жеке кәсіпкерлігі желтоқсан айынан бастап 1,8 шақырым бөгетті нығайтып, биіктігін көтеріп, 500 метрдей жардың астына тонналық қаптарды қалап жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 8380
Screenshot

Бүгінге дейін 2000 қап топырақ дайындалып, Жайық өзеніне жақын тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағалауды бекіту шаралары жүзеге асуда. Бұл жұмыстарға 9 техника мен 10 адам қамтылған.

img 8378
Screenshot

-2024 жылғы су тасқыны кезінде ауыл сыртында екі тұрғын үй мен балабақша ғимараты қалған. Олардың да қауіпсіздігін сақтау мақсатында бөгеттері қайта жаңартылды. Сонымен қатар Жайық өзенінің жағасындағы екі тұрғын үйді мемлекет меншігіне алу жоспарлануда. Себебі бөгет салуға кедергі келтіріп тұр. Жұмыстарды ақпан айының 20-на дейін толық аяқтау жоспарланып отыр,- деді Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.

Бұдан бөлек былтыр көктемгі су тасқынының салдарынан бүлінген Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылына кірме жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл аймаққа 75 метрлік уақытша технологиялық көпір мен 5 км айналма жол салынды. Тасжолдағы қауіпсіздікті жақсарту мақсатында жүріс бөлігі 3 шақырымға кеңейтілді. Сонымен қатар трассаны бастапқы қалпына келтіру үшін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жиегін нығайту үшін топырақ әкелінді.

img 8379
Screenshot

Жалпы Махамбет ауданына қарасты ауылдарда қараша айынан бастап жалпы ұзындығы 32,4 шақырым бөгетті нығайту және жаңадан 8,3 шақырымдық бөгет салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 18,3 шақырым бөгет нығайтылып, 7 шақырымға жуық жаңа бөгет салынып бітті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button