Такси жүргізушілерін тәртіпке салуға бола ма?

1 1 Жаңалықтар

Қазір облыс орталығында жолаушылардың біраз бөлігіне жеке такси жүргізушілері қызмет көрсетеді. Солардың көбісі тиісті салығын төлемейді. Себебі, оны қадағалап отырған ешкім жоқ.

1

Техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмажан Жаңбыровтың есебі бойынша, автобустарға жолаушылардың тек 20 пайызы ғана отырады екен. Неге деп ойлайсыз? Өйткені, көліктер ескі болған соң, ешкімді қызықтырмайды. Сырттан келген қонақтардың өздері заманауи талапқа сай, іші кең әрі ыңғайлы көлікке мінеді. Демек, тұтынушылардың талғамын ескерген абзал. Бұған іскерлік жағынан қараған дұрыс-ақ.

– Қоғамдық тасымал – ең пайдалы кәсіп. Өзім де кезінде жеке көлік компаниясын құрып, осы бизнеспен 15 жыл бойы айналыстым. Бұл салаға қаржы құя отырып, әжептәуір табыс табуға да болатынын тасымалдаушыларға әуелі есеп-қисаппен, кейін іспен де дәлелдедім. Салынған ақшаның үш жылдан кейін міндетті түрде еселеп қайтатынын нақты дәйектермен көрсеттім. Атыраулықтар үшін де жаңа тасымал тұжырымдамасының берері мол екеніне толықтай сенімдімін және қала тұрғындарын да сендіргім келеді, – дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз