Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Тайсойғаннан шыққан ПАХТАКОР

 Елдің тарихы ешқашан халық жадынан ұмытылмауға тиіс. Өйткені, биліктің «ұртоқпағы» қай дәуірде де ұлттың арда ұлдарын бір тарының қауызына сыйғызып, есімін елдің есінен шығаруға тырысқан.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін салдарынан «халық жауы» деп танылған тұлғалардың ісін қайта қарау жөніндегі пәрмені жаңа тұлғалардың танылуына мүмкіндік берді. Батыс Қазақстан аймағының тарихы бойынша «ақтаңдақтар» мен «бозтаңдақтардың» орнын толтыру ісімен тынымсыз айналысып келе жатқан эссеист-жазушы Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұратпен әңгімелескенде, осындай пайымға тоқтадық. Ерекше сұхбаттың өңін өзгертпей, оқырман назарына бере отырып, Атырау жұрты үшін «сатқын, жау» болып көрінген тағы бір тұлғаның ғұмырнамасынан ұлт тарихы үшін жаңа мағлұматтар анықталды.

– Мақсат аға, Сізді архивтен атышулы сатқын, диверсант Ағаевтың фотосын тауып алды дейді ғой, сол рас па?

– Тіліңе шоқ түссін. Оның әскери барлаушы болғаны рас, бірақ сатқын емес!..

Е, қайдан білейін, «Үлкен Түркістанның күйреуі» дейтін кітапта етінен ет кесіп алсаң да қан шықпайтын безбүйрек біреу қылып көрсетеді ғой әйтеуір…

– Біреуді қараламас бұрын, оны әбден зерттеп, біліп алу керек, қалқам. Құжатты деректер тауып, солардың негізінде шындыққа көз жеткізу лазым. Мәселенки, мына менің «Әлихан Ағаев» тақырыбын зерттеп келе жатқаныма он жылдан асты, бірақ әлі күнге кітап қылып шығарған жоқпын, себебі ол туралы айтылып-жазылып жүргеннің ақ-қарасын айыру үшін алдымен архивтік деректер табу қажет. Қырып тастадым дей алмаймын, дегенмен, осы аралықта үш-төрт сирек жадығатқа қол жеткіздім.

Солардың ішінен дәл Атырау жеріне қатыстыларына тоқталсаңыз. Жастау кезімізде үлкендер «Ағаев» дегесін, орыс шығар деп ойлайтынмын, сөйтсек өзіміздің Атыраудың қазағы екен ғой…

 – Иә, Тайсойғанда, оның Ойтаң жақ бетіндегі Талдықұм деген құмды бұйраттың шетінде, Мешітқоқты дейтін ашықта (қоқтыда) туып-өскен. Мақатта әлі күнге ағайындары, Шайғыр деген ағасынан туған қарындасы Күләнда, Миялыда Қонысбай дейтін інісі тұрады. Сембай деген тағы бір ағасынан туған Қалу апамызды жас кезімізден көріп өстік, о кісінің шешесі Ағиман біздің немере апамыз болып келеді, яғни біздер Ысықтың Майданымен құдандалымыз. Нағашы жұрты – Ойыл, Қобда жағындағы Қоңыр Кетелер. Өзі 1930-шы жылдардың аяқ шенінде нағашы жұртын сағалап Ойыл барып, аудандық жер бөлімінде аға агроном болған. Маған бұл деректі Қонысбай ағамыз айтқанды, ал Мәскеу архивтерінің бірінен табылған кейінгі құжаттар Әмірханның Ойылға дейін Гурьев уезінде де агрономдық қызметтер атқарғандығын көрсетті.

 – С о н д а д е р е к і з д е п салпақтап Мәскеу бардыңыз ба?

 – Жоға. Қазір технологиялар заманы ғой, электронды әдіспен үйге алдырттым. Ресей әлеуметтік-саяси тарих архивінен. РГАСПИ дейді. Олар партиялық билетінің нөмірін білсең тез тауып береді екен, ал мен оған дейін Подольскідегі Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алдыртқан мұрағаттық анықтамада политрук Әлихан Тілеумағамбетовтің (Әлихан Ағаевтың шын аты-жөні) партбилетінің нөмірі бар-ды, сол көп көмек болды. Сөйтіп, көп кешікпей, 1939 жылы коммунистік партия қатарына қабылданған кезде берілген партбилеттің есептік карточкасының скан нұсқасы мен билетті тіркеу бланкісінің ксерокөшірмесі қолға тиді. Бұл ретте компьютерге менен гөрі жетік Мәликамның көмегі көп болды: архивпен хат жазысып, телефонмен сөйлесіп, барлық шаруаны тындырып берген сол жалғыз тал қауырсыным. Африн қолына. Өзім ойлағандай, есептік карточкаға кейіпкерімнің ф ото су р е т і ж ап с ы р ы л ғ а н е ке н . Б ұ л – Ә м і р ха н н ы ң әзірге белгілі бірден-бір фотосы. Одан кейінгі өмірбаянына қатысты маңызды деректер тіркеу бланкісінде көрсетіліпті. Өзімше графологиялық сар а п т а м а ж а с а ғ а н ы м д а , бланкіні партбилет иесінің өзі толтырғанын байқадым.

npeaeae

Мұндай каллиграфиялық сұлу жазуды бұрын көрмеппін: әрбіреуі шортан қармақтың басындай ірі, анық түсірілген әріптер, жыңғылдың жапырақты бұтағындай болып тізілген сөйлемдер. Атап айтқанда, 1926-1927 оқу жылында Гурьев қаласында біржылдық кеңес-партия мектебінде, 1 9 2 7 — 1 9 2 8 о қ у ж ы л ы н д а Оралдағы ауыл шаруашылығы техникумының екінші даярлық тобында оқығанын, ал 1929-1931 жылдар аралығында Ташкенттегі САХИПИ-дің үш курсында білім тиянақтағанын тізеді (САХИПИ – Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институты). Білімі бойынша агроном, жұмыс тәжірибесі бойынша аға агроном екендігін көрсеткен. «Еңбек жолымды 1931 жылғы ақпан-шілде аралығында бұрынғы Өзбек ССР-ның Сырдария округіне қарасты Шардара ауданының «Шардара» қаласында тәжірибеден өтуші (практикант) агротехник ретінде бастадым» дейді. Одан әрі, яғни 1931- 1932 жылдары Батыс Қазақстан облысының Тайпақ аудандық жер бөлімінде, 1932-1933 жылдары Гурьев округінің Жилокосинск ауданында (мәтінде орысша осылай) аудандық колхоздар одағында аға агроном, 1933- 1934 жылдары Гурьев округтік жер басқармасында аға агроном. 1934 жылғы тамыз-1936 жылғы қараша аралығында Алматыдағы Қазақ ұлттық кавалериялық полкі сапында міндетті әскери қызмет өтеген. Әскери шені – кіші командир. 1936 жылдың қарашасы – 1939 жыл өресінде Ойыл ауданында аға агроном. Шамамен 1940 жылы Алматыға, Егіншілік халық комиссариатына жауапты қызметке шақырылады. Сол жерден 1941 жылы жазда әскерге алынып, Ташкент маңындағы Шыршық қаласында жасақталған 44-кавалериялық дивизия құрамында Иранға барады, әйгілі «Тамыз» – «Шағбан» операциясына қатысады, ал күзде Мәскеуге әкелініп, «Тайфун» операциясының екінші күні тұтқынға түседі. Сол екі күннің ішінде пу[1]лемет взводының политругі ретінде ерлік көрсетіп үлгерген. Құралайды көзге атқан мерген екен.

– С о н д а ке й і п ке р і ң і з 1 9 3 0 — ж ы л д а р ғ ы з о р л а п ұ ж ы м д а с т ы р у ғ а , с о н ы ң с алдарынан орын алған ашаршылыққа қатысқан болды да?

 – Олай айта алмас едім. Себебі, Әмірхан Тайпақ пен Жылойға 1931 жылдың екінші жартысында, яғни кәмпескелеу аяқталғасын келген. Ал Жылойда өткерген 1932-1933 жылдары ашаршылықтың беті қайтқан болатын. Оның үстіне ашаршылықты жасаған аудандағы шолақ белсенділер, қаратазы атқамінер кеңес-партия қызметкерлері ғой. Агрономдардың ол іске араласуы неғайбыл, олардың негізгі міндеті колхоздарда егіншілік ісін ұйымдастыру болған. Ал әйгілі Адай көтерілісін көзбен көруі әбден мүмкін. Соңыра Қазақ кавполкіне шақырылуына қарағанда, сол жолы Маңғыстау-Жылой жеріне әкелінген Қазақ кавполкінің жазалаушы эскадрондарындағы жігіттермен танысуы да ықтимал. Сонан соң елге әскердегі мерзімді уақыттан төрт айдай кешігіп оралған. Осы мұғдарда, яғни 1936 жылдың жазынан кеңестің арнаулы орындары арқылы Қытайдың Шыңжаң өлкесіне астыртын жұмыс істеу үшін мұсылман әскери қызметшілер жіберіліп жатты. Бұған қарағанда Әмірхан сол тұста әскери барлаушы ретінде арнаулы даярлықтан өтуі де мүмкін. Бұл жерде енді әлдебір құпия сыр бүгулі, оларды ашу үшін тағы да архив ақтару керек. Ал 1930-1940 жылдар бойынша жергілікті мұрағаттарда материал мейлінше аз сақталған. Мысалы, Тайпақ, Жылой архивтерінде Тілеумағамбетов тұрмақ, жалпы ауыл шаруашылығы бойынша дым жоқ. Атыраудың облыстық архивінің де шекесі шылқып тұрғаны шамалы. Осыдан бірер жыл бұрын осы мекеменің басшысы Серік Қуаныштың жәрдемімен кіргенімде, қолға Әмірхан жайлы жалғыз-ақ дерек – бір техникалық комиссияның мәжілісіне қатысқан фактісі ғана ілікті.

 – «Ағаев ісі» жөнінде кезінде қауіпсіздік органдары қылмыстық іс жүргізді емес пе, сол істің материалдарымен танысудың сәті түспеді ме?

– Өте меткі сұрақ. 1944 жылдың мамырындағы «Ағаев де сантын» ізде стіру-ұстау операциясының материалдары Алматыда да, Атырауда да бар. Олар 2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаменттерінен алынып, қалалық және облыстық ішкі істер департаменттеріне берілген. Алматы қалалық ішкі істер департаментіне осы іс материалдарымен таныстыруды сұрап хат жазғанымда ондағылар «Қылмыстық істің жабылмауына байланысты таныстыра алмаймыз» деп жауап берді. Сексен жыл бойы аяқталмайтын және баяғыда сүйектері қурап қалған адамдарды әлі «соттап» жатқан бұл не іс екенін білмедім. Аңғарғаным: біздің тиісті мекемелер коллаборационизмге қатысы бар материалдарды құлып астынан шығарғысы келмейді, ал әлемдік тәжірибе бойынша арада 50, ұзаса 75 жыл өткеннен кейін олардан «құпиялылық» белгісі алынады. Бұл мәселеде бізге саяси дискурстан арылып, оған тарих ретінде қарау қажет. Катарсис керек. Осы ретте қайта Ре сей архивтері қолжетімді, ашық па деп қалдым. Ондағылар ұлттық тарихқа біртұтас көзқарас ұлттық біртектіліктің кепілі деп қарап, объективті, бейтарап көзқарас ұстанатындай. Не десе де, орыс тарихшылары мен архивистері жуырда генерал Власов ісіне қатысты материалдарды үш том етіп шығарды ғой. Біле білсек, дезертир-сатқынның өмірін жазған Валентин Распутинге («Живи и помни» повесі) кезінде КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Шыңғыс Айтматовты дәл осы тақырыптағы «Бетпе-бет» повесі халықаралық деңгейге көтерді. Беларусь әдебиетін Василь Быковтың «Сотников» повесінсіз көзге елестету қиын. Үшеуінде де көркемделген шындық бар. Ал бізде, керісінше, «Үлкен Түркістанның күйреуі» деректі повесі шынайы тарихты өң-сөлден айырып, тұлдырлап тастады. Бұл қазақтың тарихи мәдени санасына жасалған үлкен кесапат болды. Оның мысалы – бүгінгі қазақ қоғамы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша өзара диаметралды қайшы екі үлкен жікке бөлініп отыр.

– Әңгімеңізге рахмет. Бұл тақырыптың қалған түйіндерін алда шыжымдап тарқатып отырсаңыз жақсы болар еді.

– А й т қ а н ы м д ы ү т і р і н қисайтпай шығарсаңыздар ойланып көруге болады.

 Әңгімелескен Назарбек ҚОСШИЕВ.

Суреттер М.Тәж-Мұраттың жеке архивінен алынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button