Тайсойғандағы тынымсыз тірлік

whatsapp image 2024 04 03 at 12.45.20 pm 870x400 1 Жаңалықтар

Бүгінде Қызылқоға ауданы бойынша тасқын су басу қаупі бар округтерде күн-түн демей жұмыстар қызу жүруде. Соның ішінде тайсойғандықтар да бар.

Қазіргі сәтте бұл ауылда 30 құтқарушы, қаладан келген 10 ерікті, 50-60 ауыл тұрғыны және 8 ауыр техника апаттың алдын алу мақсатында жұмыла жұмыс жасап жатыр. Ауылдың негізгі бөгеті 2 шақырым болса, одан бөлек тағы 500-600 метр бөгет тұрғызылды.

Кеше жеткен құтқарушылардың нұсқамасымен көтерілген бөгеттердің сыртқы қабаты құм толы қапшықтармен қапталуда. Сол сияқты 2 шақырым 500 метр болатын канал қазылды. Округ әкімі Төреш Қозбақовтың айтуынша дүйсенбі күні 128 тұрғын Атырау қаласына, 11 тұрғын Миялы ауылына эвакуцияланған. Ал, тасқын судың алды ауылға кеше кешке жеткен. Қазір өзен өз арнасымен ағуда, бөгеттерге соға қойған жоқ.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН,

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз