Жарнама
Жаңалықтар

«Тағылымы терең —  сазды әуен» 

Осындай атауды арқау еткен тағылымды шара он үш жылдан кейін қайта оралған республика күні мен Атырау қаласының 382 жылдығына арналды. 

Құрманғазы мәдениет сарайында сән-салтанатымен өткен мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер төгілді. Атыраулық өнерпаздар  өнерсүйер қауымға рухани әдемі әсер сыйлап, көңілдерін шалқытты. Алдымен, Құрманғазының «Серпері» мен Ықыластың «Жез киігін» орындаған Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі  көрерменді елітіп алды. 

Ал, Ілия Жақановтың  «Еділ-Жайығын» жүрекке жеткізе әуелеткен  ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Аманжан Басығариев пен Махамбеттің «Жұмыр қылыш» қоңыр домбырада орындаған ҚР Мәдениет қайраткері Құттыгерей Дүйсеев көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әрі қарай Аружан Қуатова көрерменді халық әні «Ақсұңқармен» әлдиледі.  Халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы Түркештің «Көңілашар», Құрманғазының «Адай»  күйі көптің көңілін бір серпілтіп алды. 

Рита Өтеуғали

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button