Жарнама
Жаңалықтар

Табылды әндерін шырқаған Атыраулық Алтынбек Бақтыгереев жүлдемен оралды

        Ақтөбеде Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» республикалық байқауы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген байқаудың мақсаты — бард ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 13 үміткер қатысты. Табиғи дауыста айтылған «Сәйгүлік», «Жанарымның жарқылы»,«Күнікей қыз», «Дүние-ай», «Биіктік», тағы басқа әндерге көрермендер қосылып отырды.

Ақынның кешіне оның жары Қарылғаш Басарқызы мен ұлы Абыл-Аяш және көзі тірісінде араласып, сыйласқан өнер адамдары келіп, естеліктерін айтты.«Тірлікті мынау, жаным-ау, мәңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам» деген ақынның өмірден өткеніне биыл 11 жыл.

Байқаудың өткізілуіне мұрындық болған ақынның жанашыры, Табылды Досымов атындағы қордың төрағасы Бижан Қалмағанбетовтың айтуынша, оның 40-қа жуық әндері еліміздің барлық жерінде шырқалып жүр.

        Байқауға Атырау облысы, Индер ауданынан барған Алтынбек Бақытегереев Табылдының «Биіктік» әнін шырқап жүлделі І орынды қанжығаға байлады:

  “ Осындай байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын! Залдың лық толуы, қатысушылардың да дайындықпен келуі көңілге қуаныш ұялатты. Ағамыздың жерлесі болған соң, оның әндерін күнде айтып, ұмыт қалдырмай жүреміз. Өнерім нәтижелі болды. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмауыма қолдау білдірген Индер ауданы Мәдениет үйінің директоры Серік Нысановқа ерекше алғыс білдіремін”.

06c9a9d4 53e0 4722 b228 c6c7dace6123

image 1

Related Articles

2 Comments

  1. Керемеееет, өнердің биік шыңынан көріне беріңіз.

  2. Бөлем жарадың,жарайсыңТек биік шыңдардан көріне бер. Алар асулар мен бағындырар белестерің көп болсын. Бөлең Жұлдыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button