Табиғи тіс пастасы өзімізде де дайындалады

74bc94ac 06d0 4bb9 9448 9eb9bd30d588 Жаңалықтар

Атыраулық ұстаздар «SТЕАМ» жобасы аясында табиғи тіс пастасы, сабын, жылыжайға қажетті минералды тыңайтқыштар жасап шығарды. Бұған облыс мұғалімдері біліктілікті арттыруға арналған «SТЕАМ» жобасы аясында қол жеткізіп отыр. Жуырда Абай орталығы жанындағы «JasSpace» кеңістігінде өткен конференция барысында үздік деп танылған бастамалар марапатталды.

Қолдан жасалған сабын, құрғақ тыңайтқыш, «Biodent» табиғи тіс пастасы және тағы да басқа тұрмысқа қажетті бұйымдар. Мұндай өнімдерді өзіміздің атыраулық мектеп мұғалімдері «SТЕАМ» оқыту курсы барысында дайындаған.  Маңызды шараны облыстық әкімдіктің қолдауымен «Сhevron» компаниясы мен Орталық Азияның Еуразия қоры ұйымдастырған.

87878

 –Біз бір жыл бойы ұстаздарды оқытып жатырмыз. Өңірдің 221 мұғалімі ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сертификаттарын алды. Осы курстардың аясында олар жиырмадан астам жобаларын жасап шығарды. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары арасында ашық сабақ конкурсын ұйымдастырған едік. Оған 29 ұстаз қатысуға өтінім берді. Сондықтан жеңімпаздарды «SТЕАМ оқыту тәсілін қолдану: Атырау облысының тәжірибесі» тақырыбында ұйымдастырылған конференция кезінде анықтаймыз деп шештік. Бұл шараға облыстық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, еріктілер, жастар қатынасып отыр. «SТЕАМ» тәсілі арқылы сабақ беретін ұстаздарымыз, басқа қалалардан келген сарапшыларымыз келді. Мен осындай жаңашыл бастамалар арқылы өңірдегі білім деңгейі жоғарылай түсетініне сенемін. Өйткені, курс барысында үйренген әдіс-тәсілдерді мұғалімдер сабақ беру кезінде қолданып, жас ұрпақты да соған баулиды, – дейді «JasSpace» бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Күнделікті өмірде тұтынып жүрген бұйымдарды заттардың физикалық, химиялық күші арқылы қарапайым нәрселерден жасап шығаруға дағдыланған курс қатысушыларының алғыстан басқа айтары жоқ.  

9365ab49 421b 429a 95f7 aeb3bd4e8b73

«Өзіміздің теориялық білімімізді тәжірибемен ұштастырдық, білімімізді толықтырдық. Онкүндік оқуымыз қызықты әрі тартысты өтті.  Химия, биология, инженерия, математика бағыты бойынша оқушыларға жобалардың қалай жасалатынын, оны дамыту, болашақтағы маңыздылығы жайында құнды ақпараттар алдық. Өзіміздің пәндерімізге байланысты қысқамерзімді жоспар қалай жасалатынын үйреніп, соны алдағы уақытта қолдануға асықпыз. Бастысы, бізге алаңсыз оқуға барлық жағдай жасалды.  Химия, биология пәндерінен 16 жоба ұсынғанбыз. Оның ішінде, өзіміз күн сайын пайдаланып жүрген косметика бұйымдары. Осы жобаларды біртіндеп қолданысқа енгізсек, тәп-тәуір кәсіп бастауға да болады, – дейді Құрманғазы ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі химия пәнінің мұғалілімі Ләззат Жәрдемова.

 Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз