Жарнама
Жаңалықтар

ТАҒЫ ДА ҚОНЫС ТОЙЫ!

Жаңа үйлердің тұсаукесер сәтіне орайластырылған салтанатты рәсімге қатысушыларды алғашқы болып Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев құттықтады.

— Бүгін, міне, өздеріңіз куә болып тұрғандарыңыздай, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша Атырау қаласында салынуы жоспарланған үйлердің бірінші легінің құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай аяқталып, игілікке беріліп отыр,-деді Ғұмар Ислямұлы. -Бұл жұмыстардың уақытылы қаржыландырылып, ойдағыдай орындалуында есепшоттар мен депозиттерге қаржыларын жинақтаған салымшылармен қатар, «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің де өзіндік үлесі бар.

Тапсырылғалы отырған 135 пәтерлік үш үйдің жалпы құны 1 млрд. теңгеден асса, мұндағы баспаналар бір, екі және үш бөлмелі болып бөлінген. Үйлердің  сапалы әрі мерзімінде салынуы қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен, тұтастай алғандағы ауданы 16,2 мың шаршы метрді, құны 1819 млн.теңгені құрайтын 334 пәтерлік «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 90 пәтерлік бір көп қабатты үйді пайдалануға беру межеленіпті. Және бір айтарым, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы, облыста  осы уақытқа дейін 678 пәтерлік 13 көп қабатты үй осындай жүйемен тұрғызылып, тапсырылады деп күтілуде.

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев те жүрекжарды тілегін айтты.

-Шынымды айтсам, сіздермен бірге менің де қатты қуанып тұрған жайым бар. Өйткені, біздің өздеріңізбен бірлескен жұмысымыздың түпкі нәтижесі осы болса керек. Осы күнді сіздер сияқты біздің де асыға, тағатсыздана күткенімізді жасырмаймын. Енді, міне, банктің белсенді салымшылары, мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларына жаңа пәтерлердің кілттері табысталып, олар жайлы қонысқа ие болғалы тұр.  Ендеше, қуаныштарыңызға ортақтасып, банк басшылығы атынан баршаңызға құтты болсын айтып, ізгі ниет, игі тілегімді жолдағым келеді,-деді Ербол Шырақбайұлы.

Бұдан соң аймақ пен банк басшылары Бейбарыс даңғылы №17 үйден бір, екі және үш бөлмелі пәтер бұйырған жаңа қоныс иелеріне баспаналарының кілттерін салтанатты жағдайда табыстады. Өз кезегінде олар да осындай жақсылыққа кенеліп, көптен ойға алған арман-мақсаттарының орындалуына себепші болған ел ағаларына, үйлердің сапалы, әрі мерзімінде жүргізген мердігер-құрылысшы компаниялардың өкілдеріне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізеді.

Алғашқылар қатарында баспаналарының кілтін алған пәтер иелеріне облыс басшылығы тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button