ЖаңалықтарСаясатҚоғам
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЕСІМІ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ ДЕ ЛАЙЫҚ
Atr.kz/ 25 наурыз, 2019 жыл. Атыраулық жастар Елорданың жаңаша атауына үлкен қолдау білдірді. Өйткені, елдегі бірлік пен бейбітшілік, өңірлердің өсіп-өркендеуі мен экономиканың алға басуы Елбасымен тікелей байланысты.
Каспий өңірлік қазіргі заманғы колледжінің 3 курс студенті Айнұр Зинетуллинаның пікірінше, Елбасы мұндай ауқымды шешімге әбден лайық.
– Тұңғыш Президенттің батыл бастамасымен әлем картасында жаңа астана бой көтерді емес пе? – дейді ол. – Ендеше, жастардың тарапынан жаңа атауға еш қарсылық жоқ деп ойлаймын. Қайта, керісінше, бұл – халықтың Елбасына деген шексіз алғысы мен ынта-ықыласының белгісі деп білген жөн.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ