Түркияда қаза тапқан ресейлік елшіге РФ қаһарманы атағы берілді

Безымянный 1 Жаңалықтар

Ресей Президенті Владимир Путин Түркиядағы елші Андрей Карловтың қаза болуына байланысты РФ қаһарманы атағын берді, – деп хабарлайды РИА Новости Кремль сайтына сілтеме жасап.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9

   «Қайраттылық пен ерлік көрсеткені үшін Түркия Республикасында РФ төтенше жағдай және  өкілетті елшісі Карлов Андрей Геннадьевичке (қайтыс болғаннан кейін) екі ел арасындағы ішкі саясатқа қосқан үлесі үшін РФ қаһарманы атағы берілсін», – делінген сайтта.

   Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтіруді сириялық «Джейш аль-Фатх» қаруланған коалиция өз мойнына алды. Коалиция қаруланған оппозиция бірлестігі болып саналады, олар негізінен Сирияның Идлиб провинциясында әрекет етеді екен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшілігінің күзетінде жүрген, ол осы террорлық ұйымның мүшесі болған.

   Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. Қастандық 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл шараны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан.

Tengrinews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз