«ТҰЛПАР-ТАЛЬГОҒА» – ЖЕҢІЛДІКТЕР

Жаңалықтар

 

Динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданыстағы №19/20 «Астана-Атырау», №№77/78 «Алматы-Атырау», сондай-ақ, үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосылмақшы басқа да бағыттағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі. Атап айтсақ, пойыз аттанарға дейін 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін – 30-25 пайыз, 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін – 20-25 пайыз, 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін  5-15 пайызға дейін жеңілдіктер енгізіледі.

Мысалы, жолаушы билетті 41 күн бұрын сатып алса, жеңілдік 35 пайызды құрайды. Егер, мәселен, «Тұлпар-Тальго» пойызына Астанадан Ақтөбеге дейінгі құны «Турист» вагонында 11632 теңге болса, жеңілдікпен ол 7561 теңге көлемінде болмақ.

Баға белгілеудің жаңа әдісі еуропалық елдердің әлемдік тәжірибесінде де кең таралған.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған