Түбіртек тапсыр, жеңімпаз бол!
Республика бойынша «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясы қараша айының соңына дейін жалғасатын болады. Науқан ережесіне сәйкес ай сайын белсенді үш тұтынушы анықталып, оларға ынталандыру сыйлықтары табысталады.
Жақында мемлекеттік кірістер департаментінде тамыз айының жеңімпаздары анықталды. Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Меңдібаеваның айтуынша, акцияға қатысу үшін Play Market немесе App Stor арқылы «Wipon» қосымшасын жүктеп, чек суретін жіберу қажет. Жалпы, науқан басталғалы 8000-нан аса түбіртек жиналған. Акция тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда жасау мен қызмет көрсету кезіндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бұл жолы арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы анықталған жеңімпаздар Жанаргүл Қазанғапова, Жанаргүл Нұрғалиева және Тілекбол Файзуллаевқа ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Майра Оразғалиева