Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өтеді
Атырауда 1-2 тамыз күндері қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Екі күндік марафон аясында Атырауда бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, 1 шілде күні 19:30- да орталық көпірден Жилгородок ықшам ауданына дейінгі аралықта 25 қайық, 7 су мотоциклі, 5 моторлы қайық қатысатын шағын қайықтар шеруі болады. Марафон қатысушылары марафон жалауын және ҚР мемлекеттік туын көтереді.
Сондай-ақ, 20:00-де Атыраудағы Ретро-саябақта «Біз адал жолды таңдаймыз» атты концеттік бағдарламасы өтеді.
Ал 2 тамыз күні 10:00-де Жұмыскер мәдениет үйінде «Жемқорлықты түбегейлі шешу мүмкін бе?» атты дебат ұйымдастырылса, 10:00-де Авангард ықшам ауданы, 47 үйде орналасқан №1 қалалық орталықтандырылған кітапханасында «Парасыз болашаққа. Өзіңнен баста!» акция болады деп жоспарлануда.
Сағат 17:00-де Жилгородок ықшам ауданындағы «Малибу» қалалық жағажайында жағажай волейболынан турнир ұйымдастырылады.