Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Суретте: «СУ МАРЖАНЫН» сүзгендер…

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ Ш.САРИЕВ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІНДЕ ҚОР ТУЫНДЫЛАРЫНАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. СУ МАРЖАНЫН СҮЗГЕН БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУДЫ МАҚСАТ ЕТКЕН БҰЛ ШАРАНЫ ТАМАШАЛАУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛДЫ.

Экскурсия жүргізушісі Мамлакат Болатованың айтуынша, жастардың дені графика жанрындағы суреттерге қызығушылық танытқан.

– Бұл мерекенің балықтың отаны – Атырау үшін мәні бар десе де болады. Суретшілер картиналарында балық кәсіпшілігінің құпиясын қылқалам құдіретімен ашуға ұмтылған. Мәселен, Ләззат Сержанның «Демалыс» туындысында тыныш өзен бейнеленген. Оның жағасында балықшылар балық аулап тұр. Күн батуға сәл-ақ қалған, сондықтан ашық түспен бейнеленген. Картинада балықшылардың жағада көп уақыттан бері отырғаны байқалады. Бірақ, кетіп қалуды қаламайды, балық болады деген үмітпен отырған сыңайлы, — деп музей қызметкері картинадағы көріністі суреттеп берді.

korme2

Көрмеге қойылған туындылардың қатарында Абай Айтмағамбетовтың «Қысқы әуен», Игорь Никельдің «Кемені жүктен босату», «Үндестік», Анатолий Бажановтың «Өзен жағасында балық аулау маусымы», «Каспий жағасында», Рафаэль Слекеновтің «Балықшының түсі», Василий Тосуновтың «Натюрморт Гурьевский» атты туындылары да бар.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button