Жарнама
Жаңалықтар

Суицидтік бағытта бұйрық беретін Telegram-арна анықталды

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов жасөспірімдердің жаппай суициді бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысын баяндап берді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады.

«Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз», деп жазды Асылов Х желісінде.

2024 жылы 3 қазанда Алматы қалалық прокуратурасы суицидтік бағытта бұйрық беретін Telegram-арнаның анықталғанын хабарлады. 6 қазанда Бас прокурор Берік Асылов күмәнді сайттарды тексеріп, балалардың орнына қаскөйлермен ойнап көргендерін айтты.

Сурет: tengrinews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button