Жарнама
Жаңалықтар

Суға түсу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек?

Жаз мезгілінің ыстығы басталғаннан облысымызда суға шомылушы адамдар саны көбейе бастайды. Әсіресе маусым, шілде айларынында,барлығы демалыста отбасымен, достарымен су жағасында демалғанды жөн көреді.

«Су – тіршілік көзі болғанымен, әрі тілсіз жау» екенін барлығымыз білеміз. Осыны біле тұра кей адамдар демалу барысында келеңсіз жағдайларға тап болып жатады.

Оқыс оқиғалар адамдардың салғырттығынан, тыйым салынған қауіпті аймақта шомылу, демалушылардың ішімдік ішіп суға түсуі және ата-ананың балаларын қараусыз қалдыруы әсерінен туындағаны анықталып отыр.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздікті сақтау, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Алайда адамдардың жазғы суға түсу маусымында қаза болу оқиғалары азаяр емес.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар депатаменті төмендегідей судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

— Суға абайлап түсіңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;

— Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;

— Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда — сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмек шақырыңыз;

— Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз;

— Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз;

— Мас күйде суға шомылуға болмайды;

— Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар;

— Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;

— Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button