ЖаңалықтарҚұқық
Судьялар серт берді
Облыстық соттың судьялар корпусындағы жаңа тағайындаулар бойынша ант қабылдау шарасы өтті. Оған облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Манат Комиршинов, сондай-ақ, қалалық, аудандық сот төрағалары мен судьялары қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымына – Айгүл Елюбаева, Атырау қалалық сотының судьясы қызметіне – Қызылқоға аудандық сотының судьясы лауазымынан босатылған Айнұр Сырғабаева тағайындалды. Манат Комиршинов судьяларды олардың өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, өз ісінің шебері болуға, судья атағын абыроймен алып жүруге тілектестік білдірді.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі