Судағы қауіпсіздік. Оның алдын алу маңызды
Аймақта су айдындарында жыл басынан бері 16 қайғылы оқиға тіркеліп, 21 адам қаза болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Өкініштісі, қаза болғандардың төртеуі – бала.
Аталған департамент өкілдері, Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған рейд өткізді. Рейд кезінде сала мамандары қауіпті орындарда суға шомылып жүрген облыс тұрғындары мен қонақтарына қатаң ескертулер жасады. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы 355 дана жадынама таратты.
Өкінішке орай, кейбір тұрғынның аталған ескертпелерге немқұрайлылық танытып, құлақ аспайтындары белгілі болды. Ал, бүгінгі жағдайда әрбір қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.