Жарнама
Жаңалықтар

Субұрқақтар қараусыз қалыпты

Бүгінгінің басты тақырыбы – биылғы жаздың ми қайнатар ыстығы. Шамадан тыс ыстықтан қариялармен бірге орта жастағылар да, жас балалар да қиналуда. Күні бойы «Рахат» шағынауданындағы көп  қабатты үйлердің қуықтай пәтерлерінде жан сақтаған олар кешқұрым Махамбет атындағы драма театры алаңындағы субұрқақ айналасына жиналуды дағдыға айналдырған. Жасыратыны жоқ, жылма-жыл субұрқақ өз деңгейінде жұмыс жасап, тұрғындардың шынайы ризашылығын тудыратын. Ал, биыл, неге екенін білмедік, субұрқақ мүлгіген күйде тұр. Қараусыз қалған соң мұндағы сарқынды су әбден ластанған. Түрлі қалдықтар түскен.

Субұрқақтар қараусыз қалыпты-2

Онысымен қоймай, субұрқақ айналасындағы плиталар сынған, мүжілген. Каникулда жүрген кішкене балаларды  сынық плиталар  жарақаттап,  аяқ-қолдарын кесіп кетуі ықтимал. Сондықтан, қала орталығында орналасқан осынау субұрқаққа тез арада жөндеу жұмысы жүргізілуі керек. Өйтпейінше, кейін опық жеуіміз мүмкін…

Руслан   СЕМБИНОВ.

Атырау  қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button