
Жаңалықтар
Президент бүгін шұғыл жиын өткізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.
Бұл туралы Мемлекет басшысының жұмысы туралы ресми парақшада хабарланды.
Қабылданған шешімдер жұртшылыққа шұғыл жарияланады.