
Жаңалықтар
Су деңгейі мамандардың бақылауында
Бүгін Атырау қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 22 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мәлімдеді.
Бір тәулікте Индербор кентіндегі су деңгейі – 14 см, Махамбет ауданындағы гидропостта 28 сантиметрге көбейді. Ал Иректіден жіберілетін су секундына 720 текше метрге азайған.
Сонымен қатар Жем өзенінде су деңгейі – 7 см, Қиғаш-Шортанбай гидробекетінде 2 сантиметрге төмендегені байқалған.
Малика ТӘКЕЖАНОВА