Жаңалықтар
Су деңгейі бақылауда
Жайық, Жем және Қиғаш өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет жаңарды.
Бүгін, 9 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Индербор гидропостында 33 сантиметрге көтеріліп, 2,16 метрді көрсетті. Махамбет кентіндегі су бекетінде су деңгейі 60 сантиметрге көбейіп, 1,78 метрге жетті.
Ал Атырауда су деңгейі 30 сантиметрге көтеріліп, жалпы тасқын басталғалы су көрсеткіші 58 сантиметрге артып отыр. Қиғаш-Шортанбай гидропостындағы су деңгейі 6 сантиметрге төмендеген. Бұл Волгалық гидроэлектр бекетінен жіберіліп жатқан су қорының азаюымен байланысты. Сондай-ақ Жем өзенінің деңгейі 9 сантиметрге азайған.
Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 1670 текше метр су жіберіліп жатыр.
Малика ТӘКЕЖАНОВА
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ