Соттағы кадрлық өзгеріс
Облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов судьялар корпусына жаңадан тағайындалған судьяны және аудандық соттың төрағасын таныстырды.
Елбасының Жарлығымен Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына бұрын Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымында болған Сағат Қаламғалиұлы Хасан тағайындалды.
Сонымен қатар, Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы лауазымына бұрын Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына басшылық еткен Болатбек Бақтығалиұлы Жұмабаев тағайындалды.
Арнайы таныстырудың соңында облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған әріптестеріне табыс тілеп, олардың басты мақсаты – сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеруге жұмыстану қажет екендігін атап көрсетті.
Хасан Сағат Қаламғалиұлы еңбек жолын мемлекеттік сақтандыру басқармасында заң кеңесшісі болып бастаған. Әр жылдары аға заң кеңесшісі, Гурьев (қазіргі Атырау) қаласының сақтандыру компаниясының бас маманы, Казкоммерцбанк филиалының бөлім басшысы, жетекші кеңесшісі, Әділет басқармасы бастығының орынбасары, бөлім басшысы, Мақат аудандық сотының судьясы, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымдарында болған.
Жұмабаев Болатбек Бақтығалиевич ұзақ жылдар Атырау облысының әділет басқармасында еңбек еткен. Бас маман, әділет басқармасының сот атқарушылардың және приставтардың департамент басшысы, Атырау облысының соттар әкімшісінің бөлім басшысы, Атырау қалалық сотының судьясы, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымдарында қызмет жасаған.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.