ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Сот отырысына уақытылы қатыспағаны үшін қамаққа алынды
Атырау облысының Индер ауданында сот отырысына уақытылы қатыспаған азамат қамаққа алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат Ч.С. алдын-ала хабарланған сот отырысына келмей, салдарынан істің уақытылы қаралуына кедергі келтірген.
Сот шешімімен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айқара Ғұмар
Фото news.ykt.ru сайтынан алынған