Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Сөнбес сәуле, өшпес от

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Дана Абайды қай кезеңде, қалай дәріптесек те жа­расымды. Өйткені, оның ғибратты ғұмыры – бар­ша қазаққа, қала берді жер-жаһанға рухани азық, үлгі-өнеге. Биыл ақынның туғанына 175 жылдығына орай, әлемде қалыптасқан ахуалға қарамастан, рес- публика көлемінде атқарылып жатқан жұмыс көп. Әсіресе, Абайдың туған жерінде қолға алынған іс- шараның өзі бір төбе. Ең бастысы, әрбір іс қағаз жүзінде қалып қоймай, дара тұлғаның сәулесі ешқашан өшпесе игі. Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері, жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері Қуат Қиықбаймен сұхбаттың негізгі өзегі де осы болды.

 – Қуат Қазезұлы, өз-өзімізді сынап, қамшыламасақ, алға жылжу әсте мүмкін емес. Бұл – өз ұлтына шын жаны ашыған дана Абайдың зама­нында айрықша айтылған сөз. Сол дәуірден бері қанша уақыт өтсе де, қазақтың енжарлықпен, алауыздықпен күресе алмай, кейбір істе сол бір кесапаттың аяқтан шалып жатқаны рас. Бұл біздің Абай арманын әлі де орындай ал­май жатқанымызды аңғартады емес пе?

– Абай айтқан енжарлық, алауыздық, жалқаулық, ашкөздік тәрізді кесір әрекеттер – бүгінде күресуге тиісті күрмеуі қиын мәселелер. Қазір қоғамда кейбір салалардың дамымай, алға баспа­уы да осы келеңсіздіктерге келіп тіреледі. «Бір адам таққа мінсе, қырық адам атқа мінеді» демекші, біз бүгін әлі де жершілдік, рушылдықтан құтыла алмай келеміз. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» Абай айтқан түсінікпен өмір сүрмейміз емес, сүргіміз келмейді. Керісінше, арлы, абыройлы азаматтардың рулас, жерлес екенін айтып, оларды рушылдық деңгейде ғана көтермелеп жатқанымыз рас. Әлбетте, бұл бізді ешқашан алға бастырмайды. Сондықтан, Абайды оқып, оның рухани мұрасына тереңірек үңілсек, жоғарыда айтқан олқылықтарды жеңіп, одан арылар едік.

– Жасыратыны жоқ, қазір ақылын ақыға сатқан «моти­ваторлар» көбейді. Байқасақ, о л а р д ы ң т р е н и н г т е р і н е қатысушы аудитория да аз емес. Шындығында, Абайдың рухани құндылықтарының өзі тұнып тұрған мотива­ция емес пе?! Көпшілікті ақылсатқыштардың шеберлік с ы н ы б ы н а е м е с , а қ ы л — ойдың алыбы – Абай әлеміне шақырудың жолы қандай?

– Жалпы әлемдік көзқараста дамудың 4 түрі бар: материалдық, физикалық, интеллектуалдық және рухани даму. Бұл тура­лы Абайдың өлеңдерінде де, ғақлия сөздерінде де көп-ақ. Материалдық даму туралы Абай «Сегіз аяқ» өлеңінде «Адал бол, бай тап, Адам бол, мал тап» десе, хакім айтқан «жылы жүрек» ру­хани дамуға бағыттап тұр. Ал, интеллектуалды дамуды іздесек, Абай айтқан «нұрлы ақылға» терең үңілу қажет. Әрине, адами ақыл мен айлакердің «ақылын» шатастырмаған жөн. Физикалық дамуда Абай «ыстық қайратты» алға қойды. Ол үшін еңбек етіп, істің ебін білу қажет. «Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп ойлап мал ізде» деді. Бұларды білген адам ақылын ақыға сатқан «мотиваторлардың» тренинг- семинарларына барады дегенге сенбеймін.

«Баюдың жолын үйретемін», «Армандар картасын жасай­мыз» деген сөздер бес жасар баланы тәттіге қызықтырғанмен тең. Бүгін өздерін «мотиватор­мын» деп жүргендер онсыз да қаржыдан қиналып, рухани күйзеліске түсіп жүргендерді ақылы тренингтеріне шақырады. Ал, оған қалай да қатысамын дегендер бұрынғыдан бетер қиналып, семинарға қатысуға билет алу үшін қарыздануына тура келеді. Рухани кедейленіп кеткендер осылайша «байлықты тізеден кешемін» деп ойлайды да, барлығын ысырып қойып, материалдық дамуға бет бұрады. Соның кесірінен ойран болған от­басылар да бар.

Сондықтан, материалдық б а й л ы қ т а н б ұ р ы н ру ха н и байлыққа мән берген абзал. Абай айтқан жүректегі иманды арттырып, өз ақыл-ойымызды саралай білсек, бар байлыққа қол жеткіземіз.

– Бүгін қоғамда сырты жыл­тыр, іші бос дүниелер көп-ақ. Соның бірі – көпшілікке етене таныс «Тик-ток». Бұл жастар түгіл, үлкендердің де ермегіне айналған. Мұның бізге берер пайдасы мен зиянын қалай бағамдаймыз?

– «Атың шықпаса, жер өрте» деген ұстанымдағы адамдар қай дәуірде де болған. Бүйректен сирақ шығаратын мұндай арзан дүниелерге бет бұратындардың дені де өзіміздің қаракөздер.

Шынында, біз балалардың материалдық жағдайын жасай­мыз да, тәрбиесін екінші кезекке ысырып қоямыз. Оның нәтижесі көз алдымызда, ғылым-білімге емес, ұялы телефонға үйір ұрпақ өсіп келе жатқаны хақ. Бұл – қоғам болып күресетін жағдай.

– Абай сөзі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан темірқазыққа айна­луы тиіс. Ешқашан мәнін жой­майтын Абай мұрасын білім беру жүйесінде оқытуды қалай жүзеге асыра аламыз?

– Елбасы айтқандай, Абай сөзі шын мәнінде қараңғы түнде ада­стырмайтын темірқазық іспетті. Оның шығармашылығын білім беру саласында тереңнен оқыту керек. Әр өлеңін оқып, талдап, оқушының санасына сіңіретін тетіктер қолданылғаны жөн.

Сондықтан, ақын өлеңдері туралы эссе жазуды тәжірибеге енгізу қажет. Бірақ, көлем қуып кетуге болмайды. Оқушы өлеңді оқу арқылы нақты қандай түсінік алды? Эсседе осыған аса мән берілгені жөн.

– Азық-түлік дүкенінің бірінен тепсе темір үзетін жігіт ағасын кездестірдім. Қ о л ы н д а ғ ы қ ұ р ы л ы с қ а арналған құрал-сайманды дүкенге кірген ер адамдарға ұсынып тұр. Нарықтағы бағасы қымбат-ақ. Бар болғаны 1 мың теңгеге бағалаған құралға көп ұзамай алушы та­была кетті. Әлгі ақшаға жігіт ағасы бір бөтелке арақ сатып алды. «Масылдан малбақпас туады» деуші едік. Мына жайт­ты көргенде жағамды ұстадым. Ащы болса да, өмір шындығы осы. Тек бұл емес, қоғамда етек алып бара жатқан осындай жайттарға қандай түйінді ой айтасыз?

– Қазір көшеде қол-аяғы сау, ақыл-есі дұрыс адамның өзі қайыр сұрайтын болды. Мен мұндайларға бір тиын да қайыр садақа бермеймін. Өйткені, ол кісінің менен алған ақшаны қандай жағдайға пайдаланатыны белгісіз. Оған тамақ емес, арақ- шарап алатындар көп-ақ. Ислам дінінде қайыр садақа беруді ең алдымен әркім жақындарынан бастау керектігі айтылады. Мұндайда қараша үйде қалқайып қалған қарттардың қалі қалай, алдымен соларды ойлау қажет. Содан кейін шын қиналып жүрген ағайын-туыс, бауырға айына немесе жылына бір рет қомақты қаражатпен көмектескен маңызды. Бұл көшеде тепсе темір үзетін, алайда, масылдықпен күресе алмай, тапқанын арақ- шарапқа жұмсап жүргендерге берген садақадан мың есе сау­апты.

Бүгінгі қоғамда мұндай ма­сылдар неге көбейді? Бұл біздің рухани құндылыққа шөлдеп жатқанымыздың көрінісі де­уге әбден болады. Осындай мәселелердің алдын алудың жолы ата-ананың балаға де­ген қарым-қатынасын артты­рудан, отбасындағы тәрбиені нығайтудан басталары сөзсіз. Баланың бойына біліммен қатар, тәрбиені қаншалықты сіңіріп жа­тырмыз?

Ата-ана бере алмаған тәрбиені жүз мектеп те бере алмайтынын әркім кеш болмай тұрып ұққаны жөн-ақ.

– Абай тіліндегі ұрлық, өтірік – бүгінгі қоғамдағы жемқорлық пен көзбояушылық. Сіздің ойыңызша, келешекке балта шабар бұл әрекеттен түбегейлі құтылудың жолы бар ма?

– Мұндай әрекеттерден арылудың жолы тым көп. Оның шешуін Абай өз заманында тап басып айтып берді. Бұл жолда бізге керегі – ынтымақ пен бірлік. Сондай-ақ, әр ортаны кемел адам ғана басқарғаны жөн. Ал, жемқорлық, мансапқұмарлық, атаққұмарлық, баққұмарлық, таққұмарлықпен күресу үшін қ ы зм е т т е г і а ғ а й ы н д ы қ т ы , жершілдікті жою қажет.

Әлбетте, әр салаға өз ісінің нағыз білгірлерін т артып, олардың істері ілгері басуы үшін басшылық тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс. Сонда ғана жұмыс жүйелі жүреді. Ал, жерлес, таныс-тамырлар жиналған ортаға көзбояушылық пен жемқорлықтан артық дүние жасалады дегенге сенбеймін. Мәселен, құқық қорғау сала­сында «көкесіне» сеніп жүрген қызметкер шын қылмыскерді табуға құштар емес. Одан даму бола ма?

– Қ а з і р д а н а Аб а й д ы дәріптей түссек ұтылмаймыз. Абай елінде бұл жұмыстар қандай деңгейде атқарылуда?

– Абай мұрасын көпшілік ара­сында кеңінен насихаттау қазір жан-жақты үрдіс алды. Алайда, жұмыс тек ақпар-есеп күйінде қалып қоймауы тиіс.

Ақын шығармашылығындағы негізгі идея – адамды сүю, Алланың хикметін с е зіну. Әр адам осыны ұғына білсе, тағылымды дүниелерді түсінуі қиын еме с. Шын мәнінде ақын еліне, оның шаңырағы мен музейіне келген әр адам жүрегіне Абай сәулесін құйып кетсе екен деймін. Өйткені, Абай сәулесі жүрегіңізге нұр құяды, ақылыңызға нәр береді, бойыңызға ыстық қайрат сый­лайды. Осыны кеңінен дәріптеу мақсатында Абай музейінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, П а вл од а р , О т ы р а р с ы н д ы қалаларда жылжымалы көрмелер өтті. Бұл жұмыстар руханиятқа сусап қалған өңір тұрғындарына зор рухани азық болды. Өйткені, хакімнің мұрасына қызығушылық танытқандар аз болған жоқ. Бұл Абайдың мәңгілік екеніне тағы бір айғақ.

– Қоғамда көңіліңізден шықпайтын не нәрсе бар?

– Қай заманда да ерінбей көз тігетін нәрсе – әр үйде тұрған көк жәшік. Оған үңілген көрерермендер қаншама? Ал, осынша көрерменге көгілдір экранның беріп жатқан дүниесі менің көңілімен шықпайды. Ешқандай берері жоқ ток- шоулардан көз сүрінеді. Біз осын­дай шоулардың жетегінде жүре берсек, ертеңгі күні қалай шуға қалғанымызды білмей қаламыз.

Сондықтан, дүйім жұрт т а м а ш а л а й т ы н т е л е в и д е ­ние саласында интеллектуал­ды білімі өте жоғары азамат­тар қызмет етсе, жырбаңдаған жұлдызсымақтардан жаны жур­налист болып жаралған жан әлдеқайда артық.

– Өмірде неден қорқасыз?

– Бос мақтанға салынудан қорқамын. Ішер ас пен киер киімге мұқтаж бола тұрып, бан­ктен несие алып той жасайтын, ақыры оны төлей алмай бей­шара болудан тайсақтаймын. Шынайы бетпердемен өмір сүре алмай, даңғойлыққа жол беретін адамдарға таңғаламын. Қазір айлығы шайлығына жет­пей жүргендер құр мақтан үшін осындай әрекеттерден арыла алмай жүр. Бұл үшін аузы дуа­лы ақсақалдар осы дүниені сан мәрте қайталап айтып, ұрпағына ұғындырса екен. «Менің бабам бағзы заманда сондай болыпты» деп кеуде қаққанша бүгініңмен мақтан, қазақ. «Келешегім кемел болады» деп іс қылып, еңбек етіп кеуде соққаның пайдалы…

– Әсерлі әңгімеңіз үшін бек рахмет!

Сұхбаттасқан: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button