Жарнама
Жаңалықтар

Соколок каналында жұмыстар аяқтала келді                      

                                                                                     Сәуірдің 21-інде Атырау қаласындағы Соколок және қосымша қазылып жатқан каналдағы жұмыстар толық аяқталады.
Тасқынға қарсы шараларға бекітілген 108-учаске координаторы Олжас Сұлтановтың айтуынша, қазір Соколок каналын тазарту, түп тереңдету және қосымша канал қазу жұмыстары аяқтала келді, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

«Қазір қосымша нығыздау, техникалық бақылау, қосалқы жұмыстар қалып отыр. Соколок каналының жалпы ұзындығы — 32 шақырым. Канал шөп, басқа да қалдықтардан тазартылып, түбі тереңдетілді.
Соколоктың жанына қосымша қазылып жатқан жаңа каналдың жалпы ұзындығы — 24 шақырым. Каналдың ені — 7, тереңдігі 2 метр. Аталған учаскедегі жұмысқа отыздан астам техника жұмылдырылды» деді Олжас Сұлтанов.

Айта кету керек, Соколок каналы қалаға келетін үлкен су тасқынын күтіп алатын «қақпа» ролін атқарады. Осы каналдың көмегімен судың негізгі бөлігін Каспий теңізіне қарай бағыттау жоспарлануда.



Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button