COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам
SMS: «Сіздің шотыңызға 50 мың теңге түсті…»
Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырауда аз қамтылған отбасылардың есепшотына 225 миллион теңге аударылды.
«Біргеміз» республикалық акциясы аясында мұнайлы мекенде облыстық «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры құрылған болатын. Сол қордың атынан әлеуметтік аз қамтылған 4500 отбасының әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Бір жолғы көмек әр отбасының есепшотына аударылды.
Енді бұл нақты қай отбасылар, расымен де көмекке мұқтаж ба, соны қор өкілдері өз көздерімен көру үшін үйлеріне қонаққа баруды жоспарлап отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ