Смайылов: Бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мәжбүр болып отырмыз
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Энергетика министрлігі жанармай мен дизель отынының бағасын өзгерту туралы шешім жобасын жариялағанын атап өтті. Смайыловтың айтуынша, бұл оңай шешім болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мұндай шешімді қабылдауға мәжбүрміз» деп атап өтті премьер-министр.
«Егер қазір осындай шешім қабылданбаса, жақын арада мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз», — деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов жалпы Қазақстанда дизель мен дизель отынын тұтыну деңгейі өте жоғары болып қалыптасып отырғанын айтты. Мысалы, дизельді алсақ, жан басына шаққанда жылына 370 литр тұтынылатын болса, көршілес Ресейде 225 литр, Қырғызстанда 98 литр, ал Өзбекстан 44 литр (8 есе аз) тұтынады.
Сонымен бірге экономиканың негізгі салаларындағы тұтыну деңгейі айтарлықтай өзгерген жоқ.
«Бұл көрші елдерге транзиттік көліктер арқылы жанар-жағармай экспортының өсуіне және экспорттың сұр схемаларына байланысты. Біздің нақты тұтынуымыз айтарлықтай өзгермегеніне қарамастан осындай болып отыр», — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар оның айтуынша, мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту үшін барлық шараны қабылдап жатыр: кейінгі бес жылда бензин өндіру 70%, дизельдік отын 33% артқан.
3 сәуірде Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өсетіні белгілі болды.
АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін 182-187-ден (өңірге байланысты) литріне 205 теңгеге дейін (өсім 11%);
ал дизельдің бағасы литріне 295 теңге болады. Қазір аймаққа байланысты баға 230-260 теңге аралығында (орташа өсім 20%).