Жарнама
Жаңалықтар

ШВЕЙЦАРИЯ ДИПЛОМЫН АТЫРАУДАН АЛАДЫ

 

Аймағымызда алғаш рет іске асқалы отырған бірегей жоба – «Швейцария дипломы – Атырауда!» деп аталады. Швейцария Бизнес мектебі үздік бизнес-мектептер қатарына жататыны белгілі. Сондай-ақ, Еуропадағы МВА үздік бағдарламалары арасында 16-орынға ие. Жоғары білім сапасы сертификаттарының да иегері саналады. Атырау мұнай және газ институтының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен байланыс қызметкері Гүлшәра Мұханғалиева бағдарламаның негізгі артықшылығы шетелге шықпай-ақ, Атырауда оқып, Швейцария елінің дипломдарын алуға болатынын айтады. «Уақытты айтарлықтай үнемдеу, қашықтықтан емес, күндізгі білім алу да басты ерекшеліктердің бірі. Бағдарламаның «швейцариялық» бөлігі бойынша Швейцария Бизнес мектебінің профессорлары, бизнес-практиктер, ірі халықаралық компанияларының жетекшілері сабақ береді», — дейді ол.

Аталған бағдарламалардың ресми тұсау кесу рәсімін «ЕврАзия» Жоғары Бизнес мектебінің президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Садуақасова жүргізбекші. Швейцария дипломына қол жеткізгісі келетіндер anara.interprog@gmail.com электронды мекен-жайына немесе +77019139420, +7(7122)35-43-68 телефондарына хабарласып, толық ақпарат ала алады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button