Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

ШҰҒЫЛ! Елімізде төртінші адам коронавирус құрбаны болды

Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Қайғылы жағдай Түркістан облысында тіркелді. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан хабар бойынша, бұл еліміз бойынша өлім фактісімен тіркелген төртінші дерек.

Әзірге марқұм туралы белгілісі, ол Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны болған.

Пандемия Қазақстанда тіркелгелі бері елордада, Алматы және Қарағанды облыстарында үш науқас көз жұмған болатын. Бүгін түнде төртінші науқас Түркістан облысында өмірден озып отыр.

Қазақстандық дәрігерлер барлық отандастарымызды карантин талабын қатаң сақтауға үндеуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пандемия құрбанын жерлеудің арнайы пәтуасын жариялаған еді.

Оған сәйкес, марқұмның сүйегі туыстарына берілмейді. Табыт ашылмайды. Және жаназа намазы белгілі бір қашықтықты сақтау арқылы оқылады. Толығырақ төмендегі сілтемеде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/tabyt-ashylmajdy-pandemiya-%d2%9b%d2%b1rbany-%d2%9balaj-zherlenetini-belgili-boldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button