Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

ШҰҒЫЛ: Атырауда бас сандәрігердің жаңа ҚАУЛЫсы шықты

 Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ҚАУЛЫНЫҢ толық мәтінін ұсынамыз, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1.Атырау облысының аумағында  эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе)  өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

    Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы  №1 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.

2.1. «Теңізшевройл» ЖШС, Теңіздегі жедел штаб, мердігерлік ұйымдардың және «Теңізшевройл» ЖШС аумағына қарасты басқа кәсіпорындардың басшылары қамтамасыз етсін:

— вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС-ның  уәкілетті өкілдерімен келісілген іс-шаралар жоспарының орындалуын;

мердігер компаниялармен COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуін;

— науқастануы симптомсыз өтіп жатқан инфекция жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашу;

3. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялар қамтамасыз етсін:

3.1. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы 2020 жылғы 25 қазандағы №67, №68 қаулыларының  және Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру;

3.2.вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.

4. Атырау облысының тұрғындарына:

— респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;

— қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;

— 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;

— барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;

5. Облыс аумағында мынадай шектеу шараларын енгізу:

5.1 көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

5.2. барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық орынжайдағы балалар ойын аландары мен аттракциондардың, батуттардың, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметін тоқтату;

5.3. бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын;

          5.4. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша мынадай шектеулер енгізілсін:

5.4.1.мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасына сәйкес толтырылуын отыратын орынның                 20% — нан асырмай, залда көрермендерді отырғызуда бір-бірінен екі метр қашықтықты, күшейтілген санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, 10.00 сағаттан 24.00 сағатқа дейін, акцияларды өткізусіз рұқсат беру;

5.4.2.коронавирустық инфекцияның алдын алуға және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60% -ын «қашықтықтан»  жұмыс нысанына ауыстыру; 

5.4.3.ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін, жексенбі күні жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.4.4. мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарындағы мемлекеттік кіріс мекемелерінің жұмысы жұмыс уақыты кестесін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала брондау немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармаларға қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету ұсынылады;

5.4.5. балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын  ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

5.4.6. мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;

5.4.7. халықтың тұруы бойынша қызмет көрсетулер саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) толтырылуы  80% -дан аспасын;

5.4.8. діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% — дан аспайтын және бір келушіге кемінде            5 м2 қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

5.4.9.азық-түлік дүкендерде өнімдерді өткізу көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде,  штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жүргізілуі тиіс;

5.4.10.күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым сала  отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат ету;

5.4.11. сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% — нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), олардың ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

5.4.12. қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, 50% дейін толтырылуымен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

          5.4.13.сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы                1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып рұқсат етіледі;

5.4.14. фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары  алдын ала жазылу бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде             5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% — ынан аспайды).

5.4.15. сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

5.4.16. дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы  28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының 10 тарауындағы талаптарды сақтаған кезде оқытуға рұқсат етілсін;

5.4.17. жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден                        5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін;

5.4.18. білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін;

5.4.19. бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар)  аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70% — ын штаттық режимде, 30% — ын қашықтан оқытуға рұқсат етілсін;

5.4.20. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»                             Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы                 16 тамыздағы №611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»                            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының 10 тарауындағы талаптарды сақтаған кезде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының  І курс  студенттерін  штаттық режимде оқытуға рұқсат етілсін;

5.4.21. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының                                  46-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат ету;

5.4.22. қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Ата-аналар берілген мерзімінен 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

5.4.23. соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.

Жеңіл көліктің (такси) толтырылуы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

      6.Атырау облысы әкімдігі, Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысының Полиция департаменті қамтамасыз етсін:  

— қызметін жандандырған объектілерде эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына бақылау мен мониторинг бойынша мобилдік топтардың жұмысын, бұзушыларға ҚР заңнамаларында қарастырылған шараларды қолданумен, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен  ұйымдастыру.

 — облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етсін;

— облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекция таралуының алдын алу бойынша жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жүргізу;

— аталған қаулыда көрсетілген шектеу шараларының орындалуын;

7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған Атырау облысының тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

8. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Атырау қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.

10. Осы қаулы 2021 жылғы 11 ақпаннан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

М.Танауов,

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігері  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button