Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Шетелдік туристер – «Ақжайықта»

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты бүгіндері өз облысымыз бен көршілес аймақтардан ғана емес, сонымен бірге алыс-жақын шет елдерден де туристер келіп, табиғат тамашаларына куә болатын керемет бір орынға айналды.

Шетелд¦к туристер А__жайы__та

Соның айғағындай, тек биылғы жыл басынан бері мекеме мамандары осында бірнеше мәрте саяхат ұйымдастырған. Солардың бірі – ерекше қорғалатын аумақтағы «Приморский» бекеті маңында жүргізілген су саяхаты. Астана қаласындағы «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының» мұрындық болуымен жалғасын тапқан бұл жолғы шараның қонақтары Австрия және Эквадор мемлекеттерінен келген құс мамандары (орнитологтар) еді.

Саяхат барысында олар көптеген қызықты жайттарға куә болып, құс базарын аралады. Аралды мекендеген қанатты достардың алуан түрімен танысып, қамыс арасында жүрген қабан мен оның балаларын көзімен көрді. Сөйтіп, Атырауға алғаш рет ат басын бұрған шетелдік меймандар бұл өлкенің көрікті жерлері мен сұлу табиғатына тәнті болып, тамсанумен елдеріне аттанды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button