«Шетелдік көліктер жол қозғалысы ережесіне қиындық туғызды» дейді Атырау облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИҰЛЫ
Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. «Біз заң алдында барлығымыз бірдейміз. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көліктерді жергілікті жерде тіркеуді міндеттеді. Яғни, келесі жылдың 1-наурызына дейін «темір тұлпарларын» заңдастыруды тапсырды.
Жалпы, бұған дейін де армян, ресей, қырғыз елінен әкелінген көліктерге қатысты мәселе қозғалып келеді. Өйткені, 2014 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Еуро Одақ талабы бойынша Қазақстанға кедендік баж салығы мен салықтарды төлемей уақытша кіргізуге мүмкіндік болды.
Алайда, шетелдік автокөліктер Қазақстанда тіркеуге қойылмай, нәтижесінде сол уақыт аралығында облыс аумағына бірнеше мыңдаған армениялық көлік әкелінді. Бұл жол қозғалысы ережесіне де қиындық туғызды. Яғни, өлшегіш құрылғыларға жоғары жылдамдықпен «түскен» көліктерді іздеп-табу мүмкіндігі де шектеулі болды» деді спикер Atr.kz-ге берген сұхбатында.
Айбөпе САБЫРОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: