COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Шетелден оралған 34 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Atr.kz/26 қазан, 2020 жыл. Соңғы үш аптада Қазақстанға шетелден келген 34 отандасымыздан КВИ анықталған.
Көліктегі Бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың мәліметінше, олардың барлығы халықаралық әуе рейстері арқылы Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келген. Бұл азаматтарда ПТР-тестілеу нәтижелері болмағандықтан, екі күндік карантинге алынып, сол жерде вирус белгілері анықталған.
Айта кетейік, жаңа талап бойынша бүгіннен бастап жолаушыларда, оның ішінде елімізге халықаралық әуе рейстерімен келетін Қазақстан азаматтарында соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР-анықтамасы болуы тиіс. Егер ол болмаған жағдайда жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді.