Шетелдегі ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Тарихы тамырлы, айбыны асқақ, келешегі кемел Қазақ елінің тәуелсіздігіне биыл – 30 жыл. Егеменді ел осынау жылдары толағай табыстарға, биік мақсаттарға қол жеткізумен қатар, еңселі мемлекеттермен де ынтымақтастық байланыс орнатты.
Шетелдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы ұлттық тарихты, мәдениетті, әдебиетті, өнерді, салтдәстүрді әлемге еркін паш етті. Елдің бірқатар студенттері шетелде білім алып, тәжірибе алмасты. Олардың қатарында мен де бармын. Қытайда білім ала жүріп, мұнда Қазақ елінің мәдениетін насихаттауға ерекше орын берілгені Тәуелсіздіктің жемісі екенін айрықша сезіндік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Адам баласы дүниеге патриот б о л ы п к е л м е й д і . О л і л і м мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі», — деді. Осы тақырып аясында қалам тербегенде менің ойыма мемлекет басшысының бұл сөзінің алғаш болып оралғаны да рас. Естелігі естен кетпейтін тамаша күндердің куәгері болып, Қытай елінің Пекин қаласында білім алдым. Бейжің технологиялық университетінде 2017 жылы докторантураға қабылдандым. Бірінші курсқа келгеннен бастап о сы елде бір байқағаным, жылына 2 рет Мәдениет күні ресми аталып өтіледі. Әр мемлекеттегі елшіліктерде іс-шаралар арнайы жоспар бойынша ұйымдастырылады. І р і к о м п а н и я л а р д ы ң т о п басшылары арнайы шақырылып, студенттермен мәдени мерекелер өткізіп жатады. Барлық кеш жоғары деңгейде қолға алынады. Бұл үшін әрбір университетте а т а у л ы к ү н д і а т а п ө т у д е шетелдің студенттеріне арнайы қаражат бөлінеді.
Студенттер б і р і г і п ө з д е р і н і ң ұ л т т ы қ тағамдарын, ойындарын, салтдәстүрін кеңінен насихаттайды. Жаңадан оқуға түскен Қазақстан студенттері өз мәдениетімізді аспанасты елінде паш ету үшін барлығымыз бірігіп, күні-түні дайындалып, ұлттық тағамдарды ә з і р л е п , қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы кеңінен көрсетуге бел будық. Мәдениет күні басқа елдердің студенттерімен бірігіп, руханиматериалдық байлығымызды таныстырып, ерекше патриоттық сезімге бөленген күндер әлі естен кетпейді. Өзге ұлт өкілдерімен таныстық. Олар қ а з а қ т ы ң құндылықтарына ерекше тәнті болды. Бұл біздің Президент атап айтқандай, «нағыз бақытқа кенелген» сәтіміз еді. Себебі, біздің ата заманнан келе жатқан төл мәдениетіміздің тәрбиелік мағынасы зор. Мәдениет – халықтың қазынасы, ұлттың баға жетпес құндылығы. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деп атап өткендей, Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ елінің құндылықтары екеніне ерекше мақтанамыз.
Тәуелсіздікке қол жеткен соң қазақ ұлты, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, мәдениетімен әлемге танылып, бағаланды. Ендігі уақытта ғасырлар бойы халықпен бірге келе жатқан баға жетпес байлығымызды к ө з д і ң қ а р а ш ы ғ ы н д а й сақтап, бүгінге жеткізген аға буынның ізін біз – жастар әрі қарай жалғастыруымыз тиіс. Татулықтың темірқазығындай, қонақжайлықтың үлгісін көрсетіп, бірлік пен татулықтың символын сақтай білген дана халқымыздың дара да сара жолы өміршеңдікпен өріле береді деп сенеміз.
Қанат ОРАЗАЛИЕВ,
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры