Жаңалықтар
«ШЕЛЛ» КОНЦЕРНІНІҢ ӨКІЛДЕРІ – АТЫРАУДА
Аймақ басшысының әңгімесін мұқият тыңдап, ойын мақұлдаған меймандар да жылдар бойына қалыптасқан іскерлік байланысты әрмен қарай жетілдіріп, жан-жақты дамыта түсуге қажеттіліктің де, мүмкіндіктің де барын айтты. Мәселен, таяуда ғана тұсауы кесіліп, пайдалануға берілген «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында ашылған жаңа зертханалардың заманауи үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылып, білікті мамандармен қамтамасыз етілуіне де «Шелл» концернінің қолдауы мен көмегі тигені анық.