Шамадан тыс жүк тиеген жүргізушілер жазаланды (ФОТО, ВИДЕО)
7 наурыз күні Жылыой ауданының Құлсары-Ақкиізтоғай бағытындағы тас жолында Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясы мамандары 10 тоннадан аса «сусымалы топырақ» тасымалдаған «Howo» маркалы 2 жүк көлігін тоқтатты.
– Салмақтық параметрлері рұқсат етілген мөлшерден 10 тонна және одан көп асырылғаны үшін көлік жүргізушілеріне 216 450 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, жүк көліктері айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, екі көлікті қосқанда жүріп өткен жолы үшін олардан 41 мың 500 теңге алым сомасы өндірілетін болады, – дейді Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің жетекші маманы Батырбек Шеркешбаев.
Тексеру кезінде құқық бұзған жүргізушілерде тауар-көліктік құжаты да болмағандығы анықталды. Жүргізушілер заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Хорлан Смадияр