Шалғайға да дауыс беру жәшігі жетті

img 20220605 wa0206 1 Жаңалықтар

Жалпыхалықтық референдумға қатысу үшін халыққа барлық жағдай жасалып, шалғайдағы ағайындарға да дауыс беру жәшігі жетті.

Айталық, Жарсуат ауылына қарасты Құрылыс ауылында орналасқан 117 референдум учаскесінің мүшесі Аманқос Жапаров округке қарасты Кетебай ауылына барып, тұрғындарға бюллетень ұсынып, таңдау жасауына мүмкіндік жасады. Мал бағып жүргендер сол жерде референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытты.

Жалпы Құрылыс, Кетебай ауылы бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 394 адам тіркелген. Олардың бәріне алдын ала хабар жетті, еліміздің ертеңі үшін дауыс беруде.

Жадыра Нариманқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз