Жарнама
ЖаңалықтарСаясатФОТОГАЛЕРЕЯ

«Шалғай ауылдарға бару керек…»

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында бейнеконференция режимінде Облыстық сайлауалды штабтың бірінші отырысы өтті.

Штаб құрамында қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттардан тұратын 47 адам кірді.

«Nur Otan» партиясының Атырау облыстық сайлауалды штабының басшысы Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, өңірлік 9 сайлауалды штабының жұмысына елімізге белгілі, беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депутаттар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.

— Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы – тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді, – деп атап көрсетті Нұрлыбек Ожаев.

Сонымен, тек Республикалық сайлауалды штаб аясында ғана  қала мен аудандарда іс-шаралар өткізіледі. Облыстарда, қалалар мен аудандарда барлық кандидаттар сайлаушылармен кездеседі.

— Жыл бойы біз өңірлерге барып, тұрғындармен кездестік, әлеуметтік зерттеулер жүргіздік, сарапшылармен кеңесіп отырдық. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен барлық өтініштерге талдау жасалды. Праймериз барысында кандидаттарымыз азаматтардың 1,5 мыңнан астам өтінішін жинады,– деді Нұрлыбек Ожаев.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарламалары мен партиялық тізімдер жарияланған.

— Бүкіл әлемде және елімізде пандемия жалғасуда. Оңай болады деп ешкім де уәде бере алмайды. Әйтсе де, біз әрқашан күш біріктіре отырып, кез келген дағдарысты еңсеріп келеміз. Біздің сайлау науқанының басты ұраны – Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз бір команда ретінде кез келген биікті бағындыра алатынымызға сенімдімін, – деп түйіндеді Нұрлыбек Ожаев.

«Nur Otan» партиясы Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

20201211220341 36113
2020 12 11 160011810700

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button